Өткен сейсенбі күні Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Омарғалиев Дәурен Омарғалиев бірлесе отырып  аудан тұрғындарын қабылдады. Бұл шараға Мұнайлы аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Табылды Әміров Әмірұлы, бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Әкім қабылдауына келген Атамекен ауылдық округі, Толқын көшесі №556 үй тұрғыны Ж.Утегенова аудан әкіміне тұрғын үй мәселесі мен жеке кәсіпкерлігін  дамыту бойынша сұрақтарын қойды. Аудан әкімі сұрақтарына толық жауап беріп, кәсіпкерлік бағыттағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді.

Атамекен ауылдық округі Толқын көшесі №581, 582 үй тұрғыны А.Джантуганов пен Қызылтөбе ауылдық округі  Асау-Барақ көшесі №5 үй тұрғыны К.Абилкайырова тұрғын үй алу мәселесін көтеріп, оларға заңға сәйкес түсінік берілді.

Тұрғын үйіне газ жүйесін өткізуге және мүгедек баласын емдетуге көмек сұраған Басқұдық ауылдық округі, Таңшолпан көшесі №130 үй тұрғыны К.Жайменоваға аудан әкімі Басқұдық ауылының әкімі Н.Қаржаубаевқа тиісті тапсырмасын беріп, заң шеңберінде материалдық көмек беруге және мүгедек баласына дәрігерлік көмек көрсету жөнінде аудандық орталық аурухана директоры А.Шыршықбаевқа тиісті тапсырмаларын берді.

Атамекен ауылдық округі Жалын көшесі №121 үй тұрғыны үйінің жанынан орналасқан ТҚКО (СТО) жабылуына ықпал етуін сұрап келген Д.Бекжановаға аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы заң аясында түсінік беріп, аудан әкімінің орынбасары Н.Жолбаев пен Атамекен ауылдық округінің әкімі М.Қалжановқа заң аясында тиісті шаралар қабылдау мақсатында тапсырмалар берді.

Асел ТАҢАТАРОВА