Сәбилі болған ана бүгінде тиісті жәрдемақыны рәсімдеу үшін ХҚО-ға бармаса да болады. Бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін екі жәрдемақы түрі egov.kz порталы арқылы рәсімделеді.

«Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметін таңдап, ондағы өтінішті толтыру қажет. Өтініммен қоса банкте ашылған есеп-шотыңыздың нөмірін көрсетесіз. Тапсырыс берген қызметіңіз бойынша жауап 7 күн ішінде келіп түседі. Бұл қызметті онлайн түрде 2008 жылғы 1 маусымнан кейін некелескен азаматтар ала алады. Бұл қызметті алушылар үшін электронды цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті», — деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» МК Маңғыстау филиалы бойынша баспасөз хатшысы Багила Жарланова.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ