Ақтау гарнизоны әскери сотында талапкер Д.Борамбаевтың жауапкер Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «30153 әскери бөлімі» РММ-нің 26 қараша 2015 жылғы № 226 бұйрығын заңсыз деп танып, оның күшін жою, бұрынғы әскери қызметке қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақысын өндіру жөніндегі азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік Жарғысының 69-тармағында келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту; әскери қызметтен теріс себептер бойынша босату жазалары қолданылатыны көрсетілген.

Сот отырысында анықталғаны, талапкер Д.А.Борамбаев келісім шартпен әскери қызметін өткеру кезінде бірнеше рет тәртіптік жазаға тартылған.

Алайда, сот отырысында талапкер Д.А.Борамбаевтың тарапынан оның 30153 әскери бөлімнің 21.11.2015 жылғы тәртіптік және аттестациялық комиссиялардың отырыстарына қатыспағаны жөнінде қандай да бір объективтік дәлелдеме келтірмегенін ескеріп, сот талапты қанағаттандырусыз қалдырды.

О. Пискунова
30153 әскери бөлімінің заңгері