Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов, Ақтау гарнизоны әскери прокурорының аға прокуроры Е.Нурбергенов  ҚР-сы ҚМ 25744 әскери бөлімінің бөлім басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жан- жақты сұрақтарға тұжырымды жауаптар алынды. Атап айтқанда, әскери қызмет және әскери қызметшілердің жарғысы туралы, Медиация Заңы, тұрғын үй қатынастары туралы Заңдар бойынша көптеген сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар, сот кабинетінің тиімділігі жөнінде баяндаманы соттың кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат жасады. Сот кабинетінің тиімділігі, артықшылығы туралы толығырақ мәлімет берілді.

Әскери бөлім  әрдайым осындар кездесулерді жиі өткізіп тұруды және заңдарға енгізілген өзгерістер жөнінде сабақтар жүргізуді қолдайды.

25744 әскери бөлімінің баспасөз қызметі