Ақтау гранизоны әскери сотында Маңғыстау облысы әділет департаменті «Ақтау аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Е.Отаровтың Е.Жахановқа, бұрын 15.01.2015 жылы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 177-бабының 3-бөлімінің «г» тармағымен, ҚК-нің 55-бабын қолданып, 1.387.400 теңге айыппұл салынып тағайындалған айыппұл жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөніндегі ұсынысын қарады.

Сот отырысында анықталғаны, борышкер Е.Жаханов бүгінгі күнге дейін сот үкімімен тағайындалған айыппұл жазасының 50% астам бөлігін, яғни 1.003.570 теңгесін мемлекет кірісіне төлеген.

Сотқа ұсынылған ұсыныста және сот отырысында борышкер Е.К.Жахановқа сот үкімімен тағайындалған айыппұл жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде жеткілікті негіздер анықталған жоқ.

Сондықтан, әскери сот, сотқа берген ұсынысты қанағаттандырусыз қалдырды.

Е. Отаров
«Ақтау аумақтық бөлімі»
филиалының мемлекеттік сот орындаушысы