лагерь

Ақтау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жыл сайын балалар мен жасөспірімдердің демалыс маусымы басталысымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік техникасымен таныстыру жұмыстарын тыңғылықты түрде жүргізіп келеді. Жақында басқарма мамандары №10 мектеп жанынан ашылған «Тұлпар» демалыс лагерінің жетекшілерімен бірлесе отырып, балаларға қызықты әрі пайдалы спорттық эстафеталар мен жарыстар ұйымдастырды.

лагерь

Балалар лагерінде өткізген жазғы маусым әр баланың есінде қаларлықтай болғаны керек. Жаңа достар, өмірден тәжірибе алу, спорттағы жеңістер мен жорықтар, күтпеген талантын ашып, көңіл көтеру сияқты жайттар ұмытылмастай болғаны дұрыс.

-Лагердегі демалыс баланың денсаулығына, соның ішінде өміріне еш зиянын тигізбейтіндей етіп ұйымдастырылуы қажет,-дейді  Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басқармасының ағаинженері азаматтық қорғау ағалейтенанты  Р.Наурызов.

«Сол үшін қарапайым ғана қауіпсіздікпен қамтамасыз ету емес, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережесі мен қалада өзін ұстау ережелері басты мәселелер болуы тиіс. Демалып жатқан балалардың өрт қауіпсіздігіне ерекше көніл бөлінуі керек. Әр лагерде өрт қауіпсіздігінің нұсқауы, өрт қауіпсіздігінің сызба-жоспары өңделіп тұруы керек. Сызба-жоспарда ғимараттың орналасуы мен салынуы, оларға келіп жету жолы, өрт қауіпсіздік құралдарының орнатылуы, жария ету мен байланыс құралдары, сонымен қатар балаларды эвакуациялау орны көрсетіледі. Біз ұйымдастырған шара барысында демалыстағы балалармен қатар олардың жетекшілеріне де өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — деді ол.

Сонымен қатар жадынама қағаздары таратылып, жазылған ережелерді қатаң сақтауға міндетті екендігі айтылды.

   Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

лагерь