Қойнауы толы «қара алтынын» ел игілігіне жаратқан «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының 50 жылдығы мерейлі мерекесіне орай «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында «Брейн- ринг» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Жыл басынан бері 2-мәрте ұйымдастырылған сайысқа «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының орталық аппараты, «Жетібаймұнайгаз», «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармаларының командалары қатысты.

????????????????????????????????????

–Жыл басында өткізілген «Брейн-ринг» зияткерлік сайысы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған болатын. Бүгінгі ойын Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күніне орай өткізіліп отыр.Ағымдағы жылдың аяғына дейін мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнінде және Тәуелсіздік мерекесінде ұйымдастырамыз. Ақтық сайыста жыл бойғы өткен сайыстар қорытындыланып, жүлде беріледі. Сайысқа «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі демеушілік көрсетті,– деді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент маманы Ғани Әбдісадық.

????????????????????????????????????
Қатысушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыратын сайыс қызықты да тартысты өтті. Сайыскерлердің зейіні мен зердесін ашқан зияткерлік ойынның нәтижесінде «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы жеңіске жетті.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Ербол АЙТБАЕВ