Ниязымбетов

Польшаның Варшава қаласында бокстан Феликс Штамм-2018 турнирінің барлық салмақ түрі бойынша жартылай финалы аяқталды, — деп хабарлады Sports.kz.

Жарыстың нәтижесі бойынша алты қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. Олар: Илияс Сүлейменов, Бекдәулет Ибрагимов, Асланбек Шымбергенов, Абай Төлеш, Антон Пинчук және маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетов та бар.

81 келі салмақ дәрежесінде бокстасатын Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда АҚШ боксшысы Шон Хемфилл кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 56 келі салмақ дәрежесінде шыққан Илияс Сүлейменов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов  жеңіске жетсе, Асланбек Шымбергенов (69 кг), Абай Төлеш (75 кг), Антон Пинчук (91 кг) төрешілердің жеке шешімдерімен жеңіске жетті.

Сурет сайттың архивінен