Латын

Қазақстан латын әліпбиіне көшуді бастап кетті. Бұған дәлел Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа латын әліпби үлгісімен танысуы.

Латын қарпіне көшу – болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білемін. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор.

Бүгінгі таңда дүниежүзі халқының 79 пайызы латын әліпбиін пайдаланады. Дүниежүзінің озық технология, жаңашыл өнеркәсіптің барлығы латын әліпбиі мен ағылшын тілінде жүреді. Латын әрпін енгізетін болсақ, қазақ тілді, орыс тілді деген топтар жойылады. Сонымен бірге, елімізде тұратын басқа этностар қазақ халқының айналасына топтасады деген ойдамын.

Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын баянды етіп, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, еліміздің халықаралық аренадағы беделін одан әрі көтереріне сенімдімін.

М.ТОЛЛИСОВ,

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ 3-курс студенті