Ақтауда дәстүрлі түрде тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында жағажай волейболынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Үш күнге созылған бәсекеге Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал облыстарынан және Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан жасақталған командалар қатысты. Аталмыш жарыс биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр.Ақтаулық команда жетінші рет чемпион атанды-Бұған дейін облыс орталығында жағажай волейболынан халықаралық жарыс өтті. Оған Польша, Словакия мемлекеттері мен Ақтау, Шымкент командалары қатысты. Жарыстың қорытындысында біздің команда үшінші орыннан көрінді. Бірінші орынды польшалық команда және екінші орынды словакиялық қонақтар иеленді. Ал, бұл жолы еншімізге алтын медаль бұйырып, жетінші мәрте Қазақстан Республикасының чемпионы атандық. Әр команда алты кездесу өткізді. Енді бізді қыркүйек айында Атырауда ҚР мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін спартакиада күтіп тұр. Бесінші рет ұйымдастырылатын спартакида спорттың 13 түрінен өтеді, маңғыстаулықтар 9 түрінен қатысатын болады. Одан бөлек қараша айында Данияда және желтоқсан айында Ресейде өтетін халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмыз,-дейді Маңғыстау облыстық мүгедектер спорты клубының директоры Нұралы Құлышов.Ақтаулық команда жетінші рет чемпион атандыКомандалық ұйымшылдықты, ширақ қимыл мен шеберлiктi талап ететін жарыста екінші орынға Ақтөбе командасы тұрақтаса, үшінші орынды Қызылорда командасы қанағат тұтты.
Ақтаулық команда жетінші рет чемпион атанды

Венера МИРЛАН

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН