Ән номинациясынан бас жүлде иеленген 4 жасар Әдеп Асар Бекмұханқызы

Ерте көктемде гүлдеп, көз жауын алатын көктем гүлі жауқазын нәзік болғанымен тамыры жуан. Жылда гүлдейтін осы өсімдік сияқты ерте әрі мықты қасиеттерін танытып, дәстүрлі «Жауқазын» фестивалінде жасы ең кіші әрі талантты бүлдіршіндер бой көрсетіп, танылады.  Талантты да талапты бүлдіршіндерге арналған бұл байқау биыл да өзінің мерзімінде аудандық мәдениет үйінің сахнасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырлды.  Дәстүрлі «Жауқазын» республикалық, шығармашылық фестивальдің аудандық кезеңінде танылған таланттар өнерге алғашқы қадамын жасап, өзге байқауларға жол салады.

Жауқазын жылда гүлдейді

Жауқазын жылда гүлдейді

Жауқазын жылда гүлдейді

Түпқараған ауданына қарасты селолық округтар мен ауылдардан барлығы 16 балабақашаның өнерлі бүлдіршіндері қатынасқан бұл шара «әнші балапан» номинациясы бойынша эстрадалық, ұлттық әндерді орындау шеберліктерімен, «би ырғағы» номинациясы бойынша би ұжымдары эстрадалық және ұлттық биді көрсетсе, «нұрға бөлену» номинациясында автор шығармаларынан проза және поэзиядан мәнерлеп оқудан бақ сынады.

Жауқазын жылда гүлдейді

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің шығармашылық потенциялын көрсету, талантты бүлдіршіндерді анықтау мен патриотты тұлғаларды қалыптастыру және оларды ынталандыру мақсатында өткізілетін бұл байқаудың аудандық кезеңі ұйымдастырушылар мен әділқазылар айтуынша биыл қатысушы ұжымдар тың идея мен жаңашылдықты алға тартып ғана қоймай, өнерпаз бүлдіршіндердің сахна мәдениеті мен киімдеріне қатты көңіл бөлгендіктері байқалады.

Бірінен бірі өткен өнерлі бүлдіршіндер ішінен ән номинациясы бойынша жарқырап көзге түскен Сайын Шапағатов ауылындағы «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушісі Әдеп Асар халық әні «Бүлдіргенді» шебер орындап бас жүлдені иеленді. Форт-Шевченко қаласындағы «Балбөбек» балабақшасынан қатынасқан Қайсар Бекқалиұлы «Мен қазақтың баласымын» атты эстадалық әнді жақсы орындап бірінші орынды иеленіп көп көңілінен шықты.

Би номинациясы бойынша да ырғақта сауатты сап сақтап, би элементтерін шебер қолданып мазмұнын, тақырыптық мәнін аша білген «Балбөбек» балабақшасының бүлдіршіндері «Періште» биін шебер орындады. Бидің әуен таңдауынан бастап, бүлдіршіндердің аяқ алысы мен қатар сақтауына қатаң мән берілген шарттың орындалуымен көзге түсіп, көңілден шыққан бұл ұйым бас жүлдені жеңіп алды.

«Нұрға бөлену» номинциясынан жылда ерекше дайындықпен келетін «Жауқазын» балабақшасының бүлдіршіні Әлихан Абылайұлы бас жүлдемен марапатталды.

Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суреттерді түсірген автор

Жауқазын жылда гүлдейді

Жауқазын жылда гүлдейді

Жауқазын жылда гүлдейді

IMG_8132

Жауқазын жылда гүлдейді

Жауқазын жылда гүлдейді

Жауқазын жылда гүлдейді

Жауқазын жылда гүлдейді

Жауқазын жылда гүлдейді