Қазіргі уақытта заңды тұлға құрмай жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған қызметі, яғни дара кәсіпкерлердің саны көбейіп келеді.

Көптеген дара кәсіпкерлер алкоголь өнімін бөлшек саудада сату қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензиясын алып үйлердің қасында дүкендер ашуда. Бірақта осы қызметпен айналысатын дара кәсіпкерлер Заң талаптарын сақтамағаны кездесіп жатыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 08 желтоқсандағы № 2041 аклоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы Қаулысы бойынша шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін 2010 жылғы 1 сәуірден бастап жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілген. 2011жылдың 1 наурызға дейінгі мерзімде 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнімін заңнамада белгіленген тәртіппен қайта таңбалау жүзеге асыру қажет.
Алкоголь өнімін бөлшек саудада сату қызметімен айналысатын дара кәсіпкерлердің Заң талаптарын сақтауы еліміздің экономикалық мүддесін және азаматтардың денсаулығын қорғау болып табылатытын әр қашандан ұмытпаумыз қажет.

Г.Бозаева
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы