сот

Мемлекет басшысы: «Азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту қажет. Азаматтық істерді қарау тәртібі процестің тараптары үшін ыңғайлы және заманауи технологияны кең қолдануға бағытталуы тиіс» , — деген болатын. Соған орай, еліміздің Азаматтық процестік кодексі жаңартылады. Жаңа заң «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарында көзделген шараларды тәжербиеде іске асыруға мүмкіндік береді.

Ұлт жоспарының 23-қадамында инвестициялық  даулар  бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру, Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін Инвестициялық  алқаны ұйымдастыру тапсырылған. Инвестициялық даулардың сапалы қараулы судьялардан бірқатар тиісті салалар мен құқықтық институттарға арнайы бейімделген білімділікті, жалпы алғанда, дауларды шешуде неғұрлым практикалық тұрғыда машықтануды талап етеді. Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толықтырылады. Аталған Кодекстің 46 –бабының талабына сай, іске қатысатын адамдардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге катысуға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға, өтінішхаттар, оның ішінде талап қоюды камтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы, татуластыру рәсімдерін қолдану туралы өтінішхаттар, сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге, сот процесі  барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге, сондай-ақ, азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңда берілген басқа да процестік құқықтарды пайдалануға құқығы бар. Олар басқа адамдардың құқықтарын теріс пайдаланбай, мүдделерін бұзбай, өздеріне тиесілі барлық процестік құқықтарды пайдалануға және істерді қарау мен шешу мерзімдерін қасақана созып жіберуге жол бермеуге тиіс. Іске қатысатын адамдар нақты мән-жайлары туралы сотқа толық әрі шынайы түрде мәлімдеуге, сөз сөйлеуге немесе сотқа екінші тарап растаған фактілерді теріске шығаратын жазбаша құжаттар ұсынуға міндетті. Іске қатысатын адамдардың процестік міндеттерін орындамауы осы заңда көзделген процестік салдардың туындауына әкеп соғады. Корпоративтік дауға қатысатын тараптар бір-бірінен іс үшін маңызы бар құжаттарды әрбір нақты құжатты көрсетпестен сұратуға құқылы. Айта кетерлігі, тараптар мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттарды бір-бірінен сұата алмайды.

Г. Сүйеуова,
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы