Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Жаздың екінші бөлігі басталып та кетті. Алайда ауа райында айтарлықтай өзгерістер жоқ. Әлі де, алдағы үш тәулікте республикамыздың басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Бұл тектес ауа райы Қазақстанның солтүстігінің төбесіне орналасқан жоғары циклонмен байланысты. Оның, батыс өңірінен басқа барлық облыстарға әсерін тигізеді. Батыста жауын-шашынсыз, максималды 32 — 40 градус температуралы аптап ыстық сақталады.