латын

Қазақстанды әлемнің озық елдерінің қатарына кірігуі үшін жасылынып жатырған мемлекеттік бағдарламалардың, жобалардың маңызды зор. Солардың бірі — кириллицадан латын әрпіне көшу мәселесі. Елбасы Н.Назарбаев латын қарпіне көшу туралы Жарлыққа қол қойғанымен, бұл мәселені бірі қолдаса, бірі қолдамайды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында қазақ жазуын латын графикасына негіздеп қайта жасау жазуымызды ғана емес, мемлекеттік тілімізді қайта жаңғыртуға мүмкіндік алатыны айқын екені айтылған. Сондықтан Қазақ елі қолдаған латын графикасына көшу мәселесінің рухани маңызы зор. Кириллицадан латын әліпбиіне бет бұру — батыл қадам. Еліміз үшін үлкен тәуекел. Қазақстанды озық елдермен теңестіретін, өз жолын қалыптастырып, дамыған елу елдің қатарына кірігуге, алдағы мақсатқа жетуде латын әліпбиінің алар орны ерекше.

Жалпы әлемдік елдермен бәсекеге түсуде елімізге керек басты қарудың бірі – латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы болса керек. Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсуде қазақ ұлтына қажетті нәрсе — жалпы зияткерлік мен әлемдік деңгейдегі білім. Ал бұларға бастар қадам жақын уақытта латын әліпбиіне көшу деп есептеймін.

Ж.Нәубетов,

Тұщықұдық ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы