Менің қай елде, қай жерде болмасын, тіпті шет ел асып жарысқа қатыссам да, алған жеңісімді өзім ауылға жетпестен-ақ аудан жұртшылығына мақтанышпен жеткізіп отыратын «Жаңа өмір» газеті — менің сүйікті басылымым. Әр шыққан асуыма өзіммен бірге қуанатын осындай басылымның ауданымызда болғаны — мен үшін мақтаныш. Жастарға арнаған қызықты «Замандас» айдары, әдебиет әлемі, спорттағы жетістіктер сынды газет айдарларын іздеп оқимын. Міне, мақаласымен қызықтырып, жаңалығымен жігерлендіріп отыратын «Жаңа өмір» газеті – жеңісімнің жылнамасы іспетті.

Аудан тұрғындарын, жастарды газетке жазылуға шақырамын, ауданымыздың төл басылымы — «Жаңа өмірдің» таралымын көбейтуге атсалысайық! Бұл тек аудан айнасына деген қамқорлық емес, жас спортшыларға да көрсеткен қолдауыңыз деп білемін.

Рамазан МАМАЕВ,

Самбодан әлем чемпионы

Тағы оқыңыздар: Ақтау теңіз портында «Жер» штабтық жаттығуы өтті