Мұнайлы ауданының 10 жылдығы аясында Атамекен ауылындағы №12 мектепте жерлес ақындар Әбдіраман Қалбай мен Рза Оңғарбайдың шығармашылығына арналған «Дала  дастандары» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Тәрбиелек басқосуға аудан әкімінің орынбасары Берік Біләлов, аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы Табылды Әміров бастаған аудан азаматтары да қатысты. Кездесуді мектеп директоры Қайрат Титанов ашты. Сөз зергерлеріне өз ризашылығын білдірген ол, жиынның өскелең ұрпаққа беретін үлгі-өнегесін тілге тиек етті.

дала дастаны3 Рза Оңғарбай Қалбай Әбдіраман

Қонақтар жас буынға өздерінің өмірі, шығаршылығы жөнінде сыр ақтарып, адами жолдың, әдеби әлемнің қыр-сырымен бөлісті. Оқушылар ақындармен жүздесу арқылы Қарақалпақ республикасында дүниеге келіп, көп ғұмырын сол жақта өткізсе де қазақ сөзін жанына серік ете білген Әбдіраман Зарипбайұлы мен Таушық ауылынан шыққан сөз ұстасы, бірнеше кітаптың авторы Рза Ахметұлы туралы айтылмаған әңгімелермен танысты. Ақындардың өлеңін оқып, сөзіне жазылған әндерді орындады, сахна көріністерін қойды.

Шахида Жұман

дала дастандры2