Токиода «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ мен Жапониядағы жетекші туроператорлардың бірі AllCo. Ltd. компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Іс-шараға «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Есімов және AllCo. Ltd. компаниясының президенті Казухиса Каваками қатысты.

Кездесуде Каваками мырза оның компаниясы үшін Қазақстанға келу туристік бағдарлардың арасында  басымдылық танытатындығын және енді осы шарт шеңберінде  AllCo. Ltd Астана қаласындағы ЭКСПО — 2017 көрмесін Жапония аумағының барлығында ілгерілетуге дайын екендігін айтты.

«AllCo. Ltd ЭКСПО — 2017 көрмесіне барумен қатар, Астана қаласына және Бурабайға турлар сатуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде біз бүкіл ел бойынша Көрме туралы буклеттер мен басқа да жарнамалық материалдар таратудамыз. Ақпарат біздің интернет-сайттарымызда үнемі жаңартылып отырады», — деді Казухиса Каваками.

Өз тарапынан Ахметжан Есімов Ұлттық компанияның AllCo. Ltd компаниясына Көрмені ілгерілету үшін қажетті консультациялық-әдістемелік көмектің барлығын көрсететінін мәлімдеді.

«Көрмеге кірушілер саны 5 миллиондай болады деп доспарланып отыр. Жапониялықтар саяхатты ұнататын ұлттардың бірі, Сіздің елден келетін қонақтар пайызы да осылай жоғары болады деп сенеміз», — деп атап көрсетті Ұлттық компания басшысы.

Өз кезегінде AllCo. Ltd. президенті Жапониядан Қазақстанға және ЭКСПО — 2017 көрмесіне туристер тарту тұрғысынан өз компаниясының жапониялық 2000 туристік компанияның барлығымен ынтымақтастықты бастайтындығын айтты

«ЭКСПО — 2017 өзінің көкейкесті саясатымен және бірегей контентімен барлық әлем үшін өте маңызды іс-шара болып табылады. Сондықтан біздің компания бәсекелестермен бірігіп, Көрмеге жапондық туристерді бірлесіп тартуға келістік және ЭКСПО — 2017 көрмесіне біздің елімізден ондаған мың адам келетіндігіне сенімдімін», — деді Каваками.

Естеріңізге сала кетелік, Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді.

* * *

«Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ 2013 жылғы 15 қаңтарда ЭКСПО — 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін  дайындау және өткізу мақсатында құрылған. Қосымша ақпарат алу үшін Қоғаммен байланыс департаментіне хабарласу керек: тел.:+7(7172)938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com