Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.А.Алдабергенов жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жыл 17 тамыздағы № 307 Жарлығымен  Ақтау гарнизоны әскери сотына  жаңа судья Б.Ж.Омаров тағайындалды.

Б.Ж.Омаров 12 жылдан астам сот саласында әр түрлі лауазымда, маманнан бастап кеңсе меңгерушісіне дейін жұмыс атқарған. 2011 жылдан бастан осы кезге дейін Ақтөбе гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі болып істеген.

Салтанатты жиынға әскери прокуратура, әскери полиция, әскери-тергеу басқармасының өкілдері және гарнизонда орналасқан әскери бөлімдердің командирлері қатысты.

Төраға жаңадан тағайындалған судьяны құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

А.Жәнібек
Батыс Қазақстан аймақтық «Сахара» газетінің
Маңғыстау облысындағы тілшісі