Аудандық жұмыспен қамту орталығына 2016 жылы аудан бойынша 953 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның ішінде 758 адам әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

Атап айтқанда 249 адам тұрақты жұмыспен, 218 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен, 215 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Сонымен бірге «Жастар іс — тәжірибесі» арқылы 76 жас маман жұмысқа жолданды.

Қазіргі таңда, яғни 01.09.2016 жылға есепте тұрған жұмыссыздардың саны 433 адам. Ауданның белсенді тұрғындарының санына шаққанда жұмыссыздық деңгейі 2,3 пайызды құрайды.

Қарақия ауданы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту аясында «Ерсай каспиан контрактор» ЖШС ұжымымен бірлесе жұмыс атқарып келеді. Аталған компаниядағы кәсіби оқыту орталығында дәнекерлеуші және құрастырушы мамандығы бойынша 64 жас оқытылып,оның 45-і сынақты сәтті тапсырып, сертификат алған-ды. Алайда, аудан басшылығы тарапынан ұсыныс жасалғандықтан, кейбір ішінара сынақтан өтпеген 16 жасты қайта оқытып мамандандыру ісі қолға алынған.Міне, сол жастарға кәсіби оқыту орталығында оқып, маманданғаны туралы сертификат тапсыру рәсімі бүгін удан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында өтті. Жиынды аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Қ.Беков басқарып, «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу» бөлімінің басшысы М. Сәрсенғали, «Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығы» ММ басшысы М. Аманиязова және «Ерсай Каспиан контрактор» ЖШС кәсіби оқыту орталығының мамандары, жас маман иегерлері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Беков жастарды кәсіби мамандығымен құттықтап, сертификаттарды табыстады. Ары қарай да осы мамандықтарымен аталған компаниямен бірлесе отырып, «ЖанДинг-С» ЖШС- на жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуді тиісті бөлім,мекеме басшыларына тапсырды.Бұдан соң, жас кәсіби маман иесі Нұрсұлтан Костулиев аудан басшылығына және оқыту орталығына алғыс білдіріп,ары қарай жақсы жұмысшы болатындықтарын айтты. Айта кетейік, бұл кәсіби оқыту орталығының 3 айлық курсында ауданымыздың біршама жастары оқытылып, жұмыспен қамтылған. Соңғы 6 айда дәнекерлеуші мамандығы бойынша, 28 жас кәсіби маманданып, жұмысқа орналасты.

Шынар Кендін

_mg_0920

_mg_0928

_mg_0931