Отбасы күні мерекесіне орай №1 құрық  орта мектебінің  спорт залында, Салауатты Өмір Салтын қалыптастыру проблемалары орталығының Қарақия аудаңдық филиалы және аудандық білім бөлімі  бірлесіп үйымдастырған  «Әкем, анам және мен» жанүялық спорттық сайысы өткізілді. Отбасылардың спорттық сайысын  №1 орта мектептін директоры О. Шатенов және Қарақия аудандық ОСӨСҚПО меңгерушісі С.Ш.Умбеталиналар құттықтау сөзбен ашып, қатысышуларға сәтілік тіледі.

Аталған іс –шара, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, салауаты өмір салтын қалыптастыру, балаларды ұйымшылдыққа тәрбелеу, ата –анамен бала арасындағы тығыз байланысты дамыту денгейін жоғарылату мақсатында өткізілді.

Отбасылық сайыс, түрлі, көңілді  эстафеталарға толы болды. Ата-аналар мен балалардың арасында өткен қызықты сайыс отбасының бірлігін нығайтып әрі салауатты өмірге тәрбиелеуде. Жарыс қорытындысы бойынша, «Әскер» тобы Кайболдиевтар отбасы  —  1 орынды жеңіп алса, 2-орынды «Сралиева жанүясы» Сралиева Кұляштын отбасы иеленді. Ал, «Бүркіт» тобы Олжабаевтар отбасының еншісіне  3 орын  табысталды. Жеңімпаз аталған барлық отбасылар алғыс хатымен және ауыспалы кубоктармен марапатталды.

Сондай-ақ,  іс шараны ұйымдастырып өткізуге атсалысқан №1 орта мектебінің  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аянбек Рахматулли алғыс хатпен сыйланды.

Э. Қошманова_mg_1133

_mg_1080