Жат ағымдар ислам емес

Таяуда Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған семинар өткізілді.
Басқарма қызметкерлері қатысқан басқосу барысында департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Әлібек Бегімов жаңадан құрылған департаменттің мақсаты мен міндеттері, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңының талаптарын түсіндірді.
Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент өкілі Ақмарал Сванбаева «Заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» атты тақырыпта баяндама жасады.
Шара соңында семинар қатысушыларына министрліктің kyzmet.gov.kz сайтының жұмысы жөнінде ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.
Осындай басқосу Шетпе кентіндегі Маңғыстау ауданының әкімдігінде де өтті. Оған аудан әкімдігінің және аудан аппаратының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында аумақтық департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ахан Шапахов жиналған мемлекеттік қызметкерлерге жаңадан құрылған департаменттің мақсаты мен міндеттері, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңдарының талаптарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар департамент өкілі мемлекеттік қызметте және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы басты өзгерістер және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі жөнінде айтты.
Жиынға қатысқан мемлекеттік қызметкерлер тақырыпқа сай ой-пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды .

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА