тағайындау

«Маңғыстау-Медиа» ЖШС директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары мен серіктестік директорының кеңесшісі тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Анар Шамшадинова«Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры А.Дутбаеваның бұйрығымен Анар Амангелдіқызы Шамшадинова серіктестік директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ол 1974 жылдың 23 мамырында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Тұрыш селосында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін (1996 ж.), жур­налистика факультетін (1997 ж.) бітірген.

1998–2001 ж.ж. Алматы қаласындағы №81 ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектептің мұғалімі.

2001–2003 ж.ж. «Алматы – оңтүстік астана» телеарнасының редакторы.

2003–2008 ж.ж. Маңғыстау облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының редакторы, аға редакторы.

2008–2010 ж.ж «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестігінің
төрайымы.

2010–2012 ж.ж. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, «Маңғыстау дәрігері» газетінің редакторы.

2012 жылдан «Ақтау ақпарат» газетінің аға тілшісі.

2014–2017 ж.ж. облыстық қоғамдық-саяси «Маңғыстау» газетінің тілшісі.

2017 жылдан осы кезге дейін «Кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі» РМК-да мемлекеттік тілді дамыту бойынша маман болып істеген.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы, 5 жеке кітаптың авторы. Отбасылы, 3 баласы бар.

* * *

Серік Еңсегенов«Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры А.Дутбаеваның бұйрығымен Серік Нұрғалиұлы Еңсегенов серіктестік директорының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Ол 1958 жылдың 20 қазанында Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 1980 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын инженер-механик, 1993 жылы КИМЭП-ті саясаттанушы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек – жолын 1980 жылы №12 «Мангышлаксельстрой» тресінің ПМК1203 құрылыс мекемесінде бас механик болып бастаған.

1981-1990 ж.ж. Маңғыстау аудандық комсомол комитетінің ІІ хатшысы, кеңшарда партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.

1990-1991 ж.ж. Алматы Жоғары партия мектебінде оқыған.

1991–1995 ж.ж. Маңғыстау аудандық партия комитетінің ұйымдас­ты­ру бөлімі меңгерушісі, автожол басқарма­сында учаске бастығы, Маңғыстау облысы әкімшілігінің бас маманы.

1996–1997 ж.ж. «Акцепт» ЖТАҚ Ақтау филиалының директоры.

1997– 2000ж.ж. Маңғыстау аймақтықжекешелендіру басқармасында бөлімбастығының орынбасары, Маңғыстау облысы бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бастығының орынбасары.

2000 –2002 ж.ж. ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бастығы.

2002–2004 ж.ж. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және шағын бизнес басқармасының бастығы.

2004–2006 ж.ж. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының бастығы.

2006–2011 ж.ж. Маңғыстау облыстық мобилизациялық дайындық, АҚ және ТЖ басқармасы бастығының орынбасары.

2012– 2015 ж.ж. Маңғыстау облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім бастығы.

2015–2017 ж.ж. «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2017 жылдан бері «Қала жолдары» ЖШС директорының кеңесшісі. «Қазақстанның мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері (2006).

Отбасылы, үш баланың әкесі.