Гандболдан Шымкент қаласында өткен республикалық турнирде Басқұдық ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұлдар және қыздар командалары I орынды қанжығаға байлады.  

«Ұшқыр доп» атты аталған республикалық балалар-жасөспірімдер турниріне 8 облыстан 180-ге жуық спортшы қатысты

Жарысқа мектебімізден жаттықтырушы Майлы Турбаевтың  жетекшілігімен 24 спортшымызды аттандырған едік. Қорытынды есеп бойынша ұл-қыздарымыз өте жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Командаларымыздың екеуі де І орыннан көрініп, турнир жеңімпазы атанды. Финалдық кездесуде ұлдарымыз алматылық, қыздарымыз астаналық  қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Нәтижесінде турнирдің бас кубогын жүлделеді,-дейді жағымды жаңалығын сүйіншілеген спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Мұхтар Жұмашев.

Сондай-ақ гандболшыларымыздан Айбек Сақтағанов пен Ақылбек Сәрсенбаев айрықша ойын техникасын көрсетіп, турнирдің үздік ойыншылары атағына ие болды. Альбина Азизбекова турнирдің үздік қақпашысы атанды.

                                                                                                                     Шахида ЖҰМАН