Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 игі іс» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара аясында аудан жастары «Мейірімді  жүрекпен», «Ардагерлерді ардақтайық» жобаларында қамтып, зор алғысқа бөленді.

Жастар ресурстық орталығының мамандары Қызылтөбе ауылының«Арай 36» мекенжайында тұратын 6 баланы жалғыз өсіріп отырған ана — Н. Балхаеваның отбасынаазық-түлік алып барып, көңіліне демеу болды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 баланы қанатының астына алған Маңғыстау-5 елді мекенінің тұрғыны, 7 баланың  әкесі  Ж.Шорабаевтың шаңырағына да дәл солай қолдау көрсетілді.

Науқан барысында Маңғыстау ауылынан құралған ерікті жастармен бірге  кәсіпкерлердің демеушілігімен, көп балалы отбасы Н.Нұрбаева, А.Базарбаеваға, ІІ топ мүгедегі, 7 баласы бар жалғыз әке А.Пирнепесовке, жалғызбасты зейнеткер И.Говеденеге, К.Қибасова мен Ж.Итолгановаға, ұлы Ітоп мүгедегі З.Суекеноваға, сондай-ақ жолдасымен бірге бала кезінен мүмкіндігі шектеулі О.Жетпісбаевтар шаңырағынааталған өнімдерді жеткізіп бердік. Осындай қайырымдылық көмегі бір үйде 3 мүмкіндігі шектеулі баласы бар Ұ.Ходжаевтардың жанұясына да көрсетілді.

Сондай-ақ жастарымыз Рамазан айында «Ар-Рахман» мешітіне, Баянды ауылы мешітіне сенбіліктер ұйымдастырды,-дейді аудандық жастар орталығының маманы Гүлнара Тасболатова.

Игі шараға қатысушы жастар жалғызбасты қарттардың ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, үй шаруаларын да тыңдырып берді.Осылайша, баяндылық ерікті ұл-қыздарСатыбалды ақсақалдың,қызылтөбеліктер Х.Тілешова мен П.Жаңабаевтың, дәулеттіктер ІІ топтағы жарымжан қызымен тұратын Орын әжейдің қажетіне жараді.Басқұдықтық жас белсенділер тыл  ардагері А.Қыраубаевтың үйіндегі шаруашылық жұмыстарға қолғабыс етіп, батасын алып қайтты.

Шахида ЖҰМАН