«Жаңаөзен» сауда ойын-сауық орталығы алаңында «Никотинге витамин» акциясы өтті. Қала тұрғындарын жағымсыз әдеттерден арылту және ел арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада темекінің орнына жемістер үлестірілді.

Ерікті жастар жиналған көпшілікке шылым шегудің адам ағзасына зияны туралы айтып өтіп, темекіден өз еріктерімен бас тартқан жандарға шылымдарды дәруменге айырбас жасады. Алаңқайда көңілді өткізілген шараға жақын келушілер қатары көп болды, оның ішінде темекіні сол мезетте тастауға ниет білдіргендер де бар. Көпшілігі ақпараттық мәліметтерді тыңдап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Акция «Жас Отан» ЖҚ Жаңаөзен қалалық филиалы және «Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ-мен ұйымдастырылды.

Жаңаөзен-Ақпарат