Түркияның «Ant group & Asya Go» халықаралық корпорациясы Маңғыстауда крахмал зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақтауға жұмыс сапарымен келген «Ant group» компаниясының құрылтайшысы Озджан Бютюн мен ТМД-дағы корпорция өкілі Ильяс Керимовтың «Маңғыстау индустриалдық палатасы» ЗТБ төрағасы Ғалымжан Балтілеумен кездесуінде айтылды.

Бұл танымал «Ant Group» компаниясы басшыларының Ақтау қаласына жасаған алғашқы сапары болатын. Меймандар алдымен аймақта бірқатар жүзеге асырылып жатқан нысандардың жұмысымен танысып, бірлескен жаңа жобалар бойынша жұмыстануға болатын мүмкіндіктерді өзара талқылады.

00003Егер крахмал зауытын салу жобасы ойдағыдай жүзеге асатын болса, аймақта 100-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Біздің ұсынысымыз индустриалдық палата тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Бірлескен жобалар бойынша жұмыс жасауға дайынбыз және бұл ынтымақтастық екі тарапқа да ұтымды боларына күмәніміз жоқ,-дейді «Ant group» компаниясының құрылтайшысы Озджан Бютюн.

Түрік инвесторларының айтуынша, «Ant Group» халықаралық корпорациясы әлемнің көптеген елдерінде танымал және бірқатар дамыған мемлекеттерде крахмал зауыттарын салып берген. Сонымен қатар корпорация глюкоза мен басқа да крахмал өнімдерін шығаратын цехтар, инвестициялық жобалар мен технологиялық қондырғылар өндірісін, атап айтқанда кристаллизаторлар, түрлі арнайы қондырғылар, қоспалауыш, конвейерлер және көлік жүйелерін дамыту жобаларымен айналысады. Компанияның халықаралық нарықтағы тәжірибесіне биыл-33 жыл толып отыр.

00001

  • Біз шетелдік капиталдың өңір экономикасының тартылуына мүдделіміз, әсіресе бұл ретте Түркия елін ерекше атап өткім келеді. Аймаққа жұмыс бабымен келіп жүрген инвесторлар тарапынан, мұнда бизнес жүргізуге барынша жағдай жасалғандығын үнемі естиміз және бұл бізді қуантады. Расында да, басқа елдерге қарағанда Қазақстанда шетелдік кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізуге мейлінше қолайлы жағдай жасалған,-деді өз сөзінде «Маңғыстау индустриалдық палатасы» ЗТБ төрағасы Ғалымжан Балтілеу.

Тараптар көтерген мәселенің бірі ретінде, аймақта ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнату қажеттігі сөз болғандығын да айта кету керек. Өз кезегінде Маңғыстау индустриалдық палатасы өңірдің ауыл шаруашылығына инвестиция құюға мүдделі түрік кәсіпкерлеріне барынша қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Венера МИРЛАН