«Эйр Астана» компаниясының хабарлауынша,  оған себеп – Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына жөндеу жұмыстарының жүргізілуі.

Еліміздің әуежайлары күзгі-қысқы навигация кезеңіне дайындық жүргізіп, ұшу-қону жолақтарын жөндеп жатыр. Осыған орай, 15-24 қыркүйек аралығында сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Астана қаласының әуежайы, 15 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкент әуежайы жабылады. Сондықтан осы қалалардан және осы қалаларға ұшатын рейстер кестесі өзгермек.

Осы уақыттарда аталған қалаларға сапарға шығуды жоспарласаңыз, компания кестелерді тексеріп алуды ескертеді. Рейстер мәртебесін airastana.com сайтынан не Аir Аstana қосымшасынан тексеруге болады.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА