Нұрсұлтан Манарбекұлы-чемпион

Қырғызстанда еліміздің әнұраны 3 рет асқақтап, көк байрағы желбіреді. Бұл жолы маңғыстаулық балуандар, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары 38 келі салмақта Нұрсұлтан Манарбекұлы, 44 келі салмақта Айгерім Еламанова, 48 келі салмақта Айкүн Рахметова табысты өнер көрсетіп, алтын медальға ие болып, чемпион атанды. Одан бөлек, 50 келі салмақта шетпелік балуан Нұрсәт Қанатбаев қола жүлдені қанағат тұтты. Қуанышты жаңалықпен балуандарды жарысқа дайындаған белгілі бапкер Жомарт Қобыланов бөлісті.

Айгерім Еламанова-чемпион
Айгерім Еламанова-чемпион

— Қырғыз елінде өтіп жатқан жарыс кеше басталды. Халықаралық турнир дзюдо күресінен 2002-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында өтуде. Жарыстың бірінші күні Айгерім Еламанова елімізге алғашқы алтынды сыйлады. Шәкіртімнің жеңісті жолын бүгін Нұрсұлтан, Айкүн, Нұрсәт жалғастырды. Осылайша, облыс қоржыны 3 алтын және бір қола медальмен толықты. Бұл-үлкен көрсеткіш. Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасына, облыстық дзюдо федерациясына және облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына алғыс айтамыз,-дейді белгілі бапкер Жомарт Қобыланов.

Айкүн Рахметова-чемпион
Айкүн Рахметова-чемпион

13-14 сәуір аралығында өтіп жатқан жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Әзірбайжан мемлекеттерінен барлығы 350 дзюдошы қатысуда. Маңғыстаулық балуандарды кезекті жеңісімен құттықтаймыз.

Венера МИРЛАН