Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 8-сынып оқушысы үш баланың өмірін құтқарды.

2016 жылдың 7 қараша күні сағат күндізгі 11:50 шамасында Бейнеу селосы, Азан Балов көшесі №52 үй мекен-жайы бойынша өрт туралы хабар келіп түскен. Дабыл бойынша №6 өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына жетіп, үйдің жатын бөлмесіндегі принтер құрылғысы мен комодтың өртеніп кеткенін көрген.

Өрт 7 бөлмелі үйдің 2 шаршы метрін жалмап кетіпті. Өрт кезінде үйде 4,5 және  6 жасар үш бала болғаны анықталды.

Үйдің өртеніп жатқанын байқаған көрші үйдің тұрғыны 8-сынып оқушысы Ғалымжан Күзембаев балаларды терезеден алып шығып, өлімнен арашалап қалған.

Өрт сөндірушілер жарты сағаттың ішінде өртті толық сөндіріп үлгеріпті. Өрттің пайда болу себебі балалардың сіріңкені абайсыз пайдалануы деп табылды.

Меруерт АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ
nekhabar.kz