Облыстық әкімшілікте «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті. Оған облыс әкімі және оның орынбасарлары, облыстық басқармалар, өндірістік кәсіпорындардың басшылары, қала-аудандардың әкімдері, депутаттар, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.

Келелі кеңесті ашқан облыс әкімі Алик Айдарбаев 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қуатты қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

[quote font=»tahoma» font_style=»italic» arrow=»yes»]— Бұл халықаралық көрме жаһандық деңгейде ұйымдастырылып, ғылымның дамуы мен озық технологиялардың жетілуіне елеулі серпін береді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде, еліміз көрме арқасында «жасыл экономиканың» өркендеуіне септесетін жаңа технология мен инновация алатынын айтты. Көрменің табысты әрі лайықты деңгейде өтуі біздің біріккен жұмысымызға байланысты. Біздің алдымызда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің қазақстандық павильондарын толтыру бойынша ұсыныстар дайындау, көрме жұмысына облыстық кәсіпорындар тарту, көрмені көру мақсатында Астана қаласына сапар шегетін аймақ тұрғындарының бару-келу кестесін құру, еріктілерді әзірлеу және облыс халқы мен қонақтары арасында көрме жайында кеңінен насихаттау міндеттері тұр, — деді аймақ басшысы.[/quote]

[iconbox title=»» title_align=»left» content_align=»left» align=»center» type=»vector» icon=»undefined» icon_align_to=»box» size=»32″ ][/iconbox]

— Техникалық және ғылыми жетістіктерді паш ететін халықаралық мамандандырылған көрме 10 маусымда шымылдығын түріп, 10 қыркүйекте жабылу салтанатын өткізбек. Бұл үш ай ішінде 3000-нан астам мәдени-ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады деп күтілуде. Көрмеге келушілердің басты бөлігі – қазақстандықтар. Яки еліміздің тарихи сәтіне куә болып, елді мерейлі уақытында қолдау үшін республиканың барлық облыстарынан жерлестеріміз ағылып келеді. Әлемнің 105 елі көрмеге қатысады. Өздеріңіз білесіз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония мен Оңтүстік Корея елдеріне ресми іс-сапармен кетті. Осы сапар аясында Жапониямен келісімшарт жасалып, Жапонияның ірі тур операторлары көрмеге билеттерді өздерінің нарығына сатылымға шығармақ. Мұндай келісімшарт корейлік тур операторлармен де жасалмақшы, — деді С.Булебаева.

[icon type=»vector» icon=»momizat-icon-pencil2″ size=»32″ hover_animation=»border_increase» ]

Кеңес қорытындысында облыс әкімі Алик Айдарбаев жауапты басшыларға қала тұрғындарының Астана қаласына көрмеге қатысу мақсатында сапар шегу кестесін құру жұмысын жалғастыру, бизнес ұжымдарын тарту, аймақтық тур операторлармен тығыз жұмыс істеу, еріктілерді жинақтау және тағы басқа маңызды міндеттер жүктеді.

Ханым ҚУАТ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ