Осыдан 20 жыл бұрын тікұшақ арқылы түз тағыларына санақ жүргізілген екен. Араға осындай ұзақ уақыт салып, санақ жүрмеді екен деп ойлап қалмаңыздар. Жылда көлікпен аралап жүргізілетін санақ түрі бар.

— Тікұшақ арқылы бақылау төл түлеген уақытта жүргізіліп, аспаннан қарағанда санақ жүргізуге қолайлы болады, — дейді Форт-Шевченко қаласындағы мектеп оқушыларымен кездесуге келген табиғат сақшылары.

Олар табиғатты қорғау, оның ішінде сирек кездесетін жаунарларды қорғау жөнінде жұмыстың күшейтіліп жатқанын айтады. Осы уақытқа дейін де бірнеше облыстарда кездесулер мен түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

 Охотзоопром өндірістік бірлестігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының  жануарларды қорғау, есепке алу және мониторинг жөніндегі бөлім басшысы Нұрбек Бекманов, осы мекеменің бас маманы, ғалым Бахтияр Тәшенов,  жоғарыда аталған мекемеге қарасты «Кендірлі–Қоясан» мемлекеттік қорығының бастығы Есендос Жұмажанов  оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, қызықты мәліметтер ұсынды.

[social icon=»enotype-icon-paperclip» link=»#» size=»32″ ]Олардың айтуынша, бір киікті рұқсатсыз атқан жағдайда, 3 млн теңгенің үстінде айыппұл салынып,  қылмыстық жаза кесіледі.

-Маңғыстау облысында 2 үлкен қорық: Үстірт табиғи қорығы -367000 га территорияда орналасса, «Кендірлі –Қаясан» қорығы – 1 230 290 га жерді алып жатыр. Сонымен қатар,  «Қызылсай» табиғи паркі мен Бейнеу,С ам орман шаруашылықтары,  Ақтау қаласындағы ботаникалық бақ бар.

[social icon=»enotype-icon-paperclip» link=»#» size=»32″ ] Ал 2005 жылдан бастап Араб Эмираты Қазақстан Республикасы арасында жасалған келісім негізінде жорға дуадақ құсын өсіру жұмыстары қолға алынды.

— «Кендірлі-Қаясан» қорығында осы халықаралық келісім негізінде жұмыс жасалуда. Қорықтың басымдылығы — жорға дуадақ пен ителгі сирек құс түрлерінің мекен етуі. Оны сақтау мен қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілуде, — дейді   Охотзоопром өндірістік бірлестігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына  қарасты «Кендірлі-Қоясан» мемлекеттік қорығының бастығы Есендос Жұмажанов.

-«Қызыл кітпақа» енген ерекше қорғаудағы  жануарларға тікұшақпен санақ жүргізудеміз. Тікұшақ жалдап алып, үлкен ауқымды жұмыстар жасалуда. Бұрын көлікпен ғана санақ жүргізіп жүргенде, сорлы, қырлы жерлерге бара алмай қиындық көретінбіз.  Көзімізбен көргеніміздей, біршама дала жануарлары бар екен. Соның ішінде, сирек кездесетін, ерекше қорғаудағы жануарлардың барына қуанып отырмыз. Негізгі мәселе — экология, су, теміржол тартылуы бәрі жануарларға әсер етеді. Әсіресе, Маңғыстау өндірістік аймақ болғандықтан, бұл жердегі өндіріс базалары түз жануарларының үркіп, көшуіне әкеліп соғады. Соған қарамастан, қорғау бағытында жұмыстар жүріп жатыр, — дейді Охотзоопром өндірістік бірлестігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының  жануарларды қорғау, есепке алу және мониторинг жөніндегі бөлім басшысы Нұрбек Бекманов. Сонымен қатар, санақтың нақты санын бірден жариялай алмайтынын, әлі де ақпаратты жүйелеу жұмыстары жүріп, алдағы уақытта хабарланатынын жеткізді. Ең бір қуанатын жаңалықтың бірі- Маңғыстауда тікұшақ арқылы жүргізіліп жатқан санақта өсім байқалып, үстірттегі сирек кездесетін жануарлар саны артқан. Арқарлардың саны мыңнан асса, қарақұйрықтардың басы екі жүзден асып жығылады екен.

Диссертациясын «қасқыр» тақырыбында қорғаған ғалым  аталмыш мекемнің бас маманы Бахтияр Тәшенов оқушылардың  қасқырға байланысты сұрақтарына жауап беріп, оның  түрлері туралы тоқталды.

Кездесуде оқушылар үшін арнайы жасалған ақпараттық бетшелер, төсбелгілер мен плакаттар үлестірілді.

«Оқушыларды  қорықтарға экспедиция жасап, таныстыру жұмыстары жүргізіле ме?», «Санақты жүргізу кезінде тікұшақ ішінде отырып жердегі жануарларды қалай санайды?», «Киіктің қырылуына гептилдің  қатысы бар ма?», «Қасқырдан қорғану үшін атуға бола ма?», «Мекендейтін жерлеріне қарай, ескерткіштерді орнату жұмыстары керек пе?» деген сияқты сұрақтар жауабын тапты. 

Милана ЕЛЕУСІНОВА

Суреттерді түсірген автор

img_2017

img_2030

img_2025

Диссертациясын «қасықр» тақырыбында қорғаған ғалым аталмыш мекемнің бас маманы Бахтияр Тәшенов оқушыға қасқырды зерттеу үшін апанына түскені жөнінде айтып беруде.
Диссертациясын «Қасқыр» тақырыбында қорғаған ғалым Бахтияр Тәшенов оқушыға қасқырды зерттеу үшін апанына түскені жөнінде айтып беруде.

img_2031