«Айт»  араб тілінен аударғанда «мейрам» дегенді білдіреді. Ислам дінінде 2 айт тойланады. Олар: Рамазан айты мен Құрбан айт. Үш күнге созылатын Құрбан айттың бүгін екінші күні. 

Түпқарағандықтар бүгін Құрбан айттың екінші күнін ерекші етіп тойлауда.  Халықтық сипатқа ие болып отырған бұл мейрамдаауданда әр шаңырақ өз үйінде құрбан шалды. Ал бүгін аудан мешітінің ауласында осы мейрамға орай  «Құрбан айт – ұлық мереке» атты шарамен жалғасын тапты.

Шараны аудан әкімі Темірбек Асауов өз құттықтауымен ашты. Түпқараған аудандық мешіттің бас имамы Опа Жүсіп Құрбан айт мерекесін тойлау тәртібі мен құрбан шалу жөнінде түсінік берді. Ұлық мерекеде адамдар мейірімділік пен сыйластықты ту етіп, сыйлық беру арқылы мерекені сезіну,  айтшылап барған үйінің амандығы мен саулығын сұраудың өзінде де  сауап бар екенін тілге тиек етті. Аудан әкімінің  ұйымдастыруымен құрбандық шалынып, мешіттің жанынан тігілген үйге дастархан жайылды.  Мешіт ауласында ұлттық ойындардан жарыстар  өткізілді. Сондай-ақ, қол күресі,  күрес, кір тасын көтеру сияқты спорттық сайыстар да ұйымдастырылды.

Түстен кейін ұлық мейрам аясында Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық мешіттің имамы Опа Жүсіп жастармен кездесті. Мереке аясында ауданда қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен 56 отбасыға құрбандық еті үлестірілді.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

Суретті түсірген АВТОР

img_1374

img_1372

img_1376

img_1381

img_1394

img_1397