Ардақты ағайын! Құрметті жерлестер! Құрбан айт мерекелеріңіз құтты болсын!

Жаратушы Алла исі мұсылман баласына екі үлкен мерекені тарту еткен. Соның бірі «Құрбан айт». Құрбан айт–ұлық мереке. Мемлекетіміздің мерекерлік күнтізбесіндегі ерекше күннің бірі. Қасиетті құрбан айт күндерінде бір Алланың разылығы үшін шалатын құрбандықтарыңызды Жаратушы Иеміз қабыл етіп, сауаптан жазсын!

Құрбан айттың ұлық мереке болу себебі, Алла Тағала жыл он екі айдың ішінде осы күнде ғана қажылық парызды өтеуді мұсылмандарға парыз еткен. Исламның бес парызының бірі болған қажылық тек осы күндері өтелетін болғандықтан санаулы күн ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен милиондаған мұсылман қасиетті Мекке топрағын басып, Алланың жердегі үйі—қасиетті Қағбаны тауап етіп, қажылық борышын өтеуге тырысады. Міне, осындай маңызға ие болған бұл күндерде қажылыққа барған мұсылмандар және бара алмаған мұсылмандар ақ ниетпен құрбан шалуы тиіс. Алла тағала қасиетті Мекке топырағындағы қажылардың дұғасы мен шалған құрбандығын қабыл еткендей шалған құрбандықтарыңызды қабыл етіп, сауаптан жазсын.

Алла Тағала тәуелсіз еліміздің егемендігін мәңгілік етіп, отанымызға тыныштығын, жұртымызға амандығын, Елбасымыз бен Дінбасымызға зор күш қуат берсін. Құрбан айт құтты болсын ағайын!

Ізгі тілекпен С.СЕЙТБЕКОВ,
ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы.