Үндістанның Кочи қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Халықаралық жарыстан маңғыстаулық балуан, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің шәкірті Сұңғат Жұбатқан жүлдемен оралды. Мықтылар бас қосқан бәсекеде жерлесіміз қола медальді иеленіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Жалпы жарысқа Қазақстан құрамасынан 18 спортшы қатысып, оның 12-сі жүлделі орыннан көрінді.

02

Боз кілемге 66 салмақта белдесуге шыққан Сұңғат филиппиндік, арабиялық, индиялық балуандардың жауырынын жер иіскетіп, шешуші сәтте кореялық қарсыласына есе жіберген.

-Мықтылар бас қосқан жарыста жеңіс тұғырынан көріну үшін барымды салдым. Жалпы Азия чемпионатына екінші рет қатысып отырмын. Өткен жылы жасөспірімдер арасында чемпион атанған болатынмын. Биыл жастар арасында өткен Азия чемпионатына алғаш рет қатысып отырмын. Бұл жолы еншіме бұйырғаны қола медаль болды. Жеңісімді Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын,-дейді Сұңғат Жұбатқан.

Енді Сұңғат қазан айында Румынияда самбодан өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ. Айта кетейік, жүректі балуан бұған дейін самбо күресінен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы және Азия чемпионы атағын иеленген болатын.

-Бұл жолы Азия чемпионаты Индия мемлекетінде 8-11 қыркүйек аралығында жастар арасында өтті. Шәкіртім бірінші, төртінші кездесулерін «юко» әдісімен және үшінші кездесуін «иппон» әдісімен (таза жеңіс) жеңді. Шәкіртім Сұңғат жастар арасында өткен чемпионатқа алғаш рет қатысып отыр. Сондықтан да мұндай бәсекеден жеңіспен оралудың өзі үлкен жетістік деп бағалаймын,- дейді балуанның бапкері Жомарт Қобланов.

Венера МИРЛАН

03

04

АлдыңғыҚұрбан айт – құтты мереке
КелесіАкция жалғасады
Венера Мирлан
Облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында, облыстық «31 телеарнада» жүргізуші болып қызмет атқарған. Кейін қалалық «Ақтау ақпарат» газетінде тілші. Республикалық «Айқын» газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі, облыстық «Маңғыстау» газетінде тілші.