пара

       Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Nargilia» барының әкімшісіне қатысты әкімшілік іс қаралды.
Аталған бар әкімшісі өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамай, 2016 жылғы 09 ақпанда 22 сағат 15 минутта кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толықтай мойындады.
Құқық бұзушының кінәсі оның мойындауымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерінің баянатымен, «Nargilia» барында полиция қызметкерлерімен ұсталған кәмелетке толмағандардан және олардың заңды өкілдерінен жауап алу хаттамаларымен және басқа да іс құжаттарымен дәлелденеді.
Құқық бұзушының әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабының 1-бөлігімен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы деп дәрежеленген және аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 63 630 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты