Атырау облысы Мақат ауданының 95 жылдық мерей­тойы аясында 6-8 қыркүйек күндері ауыр атлетикадан Аты­рау облыстық ашық турнирі ұйымдастырылды.

2005-2007 жылғы және 2008 жылға дейінгі туылған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа Жаңаөзен қаласынан 6 жас ауыр ат­лет қатысып, бағын сынады. 33 келі салмақта кіші топта сайысқа қатысқан Мейірлан Майлы­баев жұлқа көтеруде 15 келі, серпе көтеруде 25 келі көтеріп, қола медальға ие болды. 41 келі салмақ дәрежесінде кіші топтағы Жәнібек Нұрқожа жұлқада 25 келі, серпеде 35 келі салмақты бағындырып, алтын медальға ие болды. Ал, дәл осы салмақта үлкен топтағы Зұлқарнай Чакибай жалпы 83 келіні еңсеріп, жұлқа көтеру 35, серпе көтеру 48, бұл да ал­тын медальға қол жеткізді. 45 келіде Әсет Чакибай қоссайыста 84 келі көтеріп алтын­мен, 55+ келіде кіші топта Ардақ Қорғанбаев жалпы 66 келі жинап, күміс медальды иеленді. 55+ келі үлкен топта Нұрасыл Ибилдаев жұлқа көтеруде 40 келі, серпе көтеруде 50 келі, қоссайыста 90 келі нәтижемен күміс медальді қоржынға салды. Жалпы, Жаңаөзен командасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді қанжығалады.

Балалардың жарысқа қатысуына қолдау танытып, мүмкіндік жасаған Жаңаөзен қаласы №2 БЖСМ директоры Берік Ахметовке жаттықтырушы Тимур Жаңбыров пен жас спортшылар алғысын білдіреді.

Жанайым ЖАРЫЛҚАП