9 тамызда ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» МК Маңғыстау облысы бойынша филиалымен бірлесе «Заман» сауда орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын ұйымдастырды.

— Бұл өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында арнайы ХҚО мамандары бекітілген. Сонымен қатар мамандар азаматтарға «Электронды үкімет» порталы және телеграмм мобильдік қосымшасы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осылайша халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, —  дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Маңғыстау бойынша филиалының баспасөз хатшысы Б.Жарланова.

Айта кетейік, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет реестріндегі 742 қызметтің 532-сі egov.kz электронды үкімет порталы арқылы, 25 түрі телеграмм  желісіндегі EgovKzBot арқылы, ал 80-нен астам қызметтер мен сервистер Mgov мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ