бокс

Маңғыстау ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан КСРО спорт шебері Бөкенбай Сақтағановты еске алуға арналған республикалық ашық турнир өтті.

Бөкекнбай Сақтағанов турнир Мұнайлы Маңғыстау еске алу

Жыл сайын ұйымдастырылатын жарыстың ашылу салтанатына  аудан әкімінің орынбасары Берік Біләлов, Бөкенбай Сақтағановтың інісі Киікбай Сақтағанов, ҚР еңбек сіңірген бапкер, бокс ардагері  Жеңіс Жарылғап, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Есенбай Құли қатысты. Олар жас спортшыларға жылы лебіздерін білдіріп, дүбірлі додаларда биік белестерден көріне беруін тіледі.

Тартысты өткен ойын қорытындысында түрлі салмақтар бойынша I орынды Бейнеу ауданынан Ақтаныс Амангелдиев, ақтаулық  Нұрлан Ибригимов, Али Бақтыбаев, Нұрбол Алпамысов, Әжімұрат Қыдырәлиев, Нұрас Жеңіс, Ярослав Багно, Абзал Құлжан, Рыскелді Сұлтанов,  мұнайлылық Жандос Исанов, Қыдырәлі Мұрат, атыраулық Алихан Сембай, өзбекстандық Бахтыбек Сәрсенбаев жеңіп алды. Түрнирдің II және III орындары Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Форт Шевченко қалалары мен Бейнеу, Қарақия аудандарынана келген былғары қолғапшыларға бұйырды.  Жерлестерімізден Ержан Наразғалиев, Әділбек Камалатдинов, Сабыржан Ислам, Нұржан Есетов жүлделі  II орынды еншілеп, Ержан Теңгелбаев III орынға тұрақтады.

Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.