Жуырда Шетпеде аудандық жастар ресурстық орталығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында шахмат пен дойбы ойындарынан турнир өтті.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Спорттық сайысқа 20-ға жуық ауыл жастары қатысып, зияткерлік ойында зеректік танытты. Жарыс өте тартысты өтіп, ойыншылар тапқырлықтарын көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша шахматтан 1-орынды Ринат Сабыров, 2- орынды Болат Өтепбергенов жеңіп алса, Сәулет Оңбосынова 3-орынды қанағат тұтты. Дойбыдан 1- орынды Еркебұлан Аманқосов иеленсе, 2- орынды Айдана Тілекбаева, 3- орынды Камшат Жамансариева алды.

Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар атынан кубок пен медаль және Алғыс хат табысталды.