Еліміздің бас қаласында «ЭКСПО –2017» көрмесінің жоғары деңгейде өтуіне облыс орталығындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті де атсалысты.

Аталған жоғары оқу орнындағы 28 қызметкер, әртүрлі мамандықтар бойынша əр курстың белсенді 61 студенті көрмені тамашалап келген-ді. Бүкіләлемдік шара кезінде жұмыс істеген еріктілердің қатарында университеттің 25 студенті болды.

– Жуырда ҚР Үкіметі баспасөз орталығы алаңында өткен брифингке қатысып, «ЭКСПО-2017» көрмесінде көрсетілген жаңа әдістер мен технологиялардың университетімізде тәжірибе жүзінде қолданылуы туралы әңгімеледім. Көрме аясында «Шелл» және «KAZENERGY» қауымдастығы ұйымдастырған «Student Energy Challenge» зияткерлік конкурсына университеттен «Next generation» командасы қатысты. Біздің жоғары оқу орны аумағында жасыл рекреационды аймақты құру және күн мен жел энергиясын қолдануды қамтамасыз ету бойынша жоба дайындалды. Ғылыми инновациялық қызметті дамыту үшін университетте кешенді инфрақұрылымды және технология трансфер орталығын, студенттік бизнес-инкубатор құру жоспарланып отыр,– деді Ш.Есенов атындағы КМТИУ-дың ректоры Берік Ахметов.

Тағы оқыңыздар: Құпияға толы Маңғыстау. Шақпақ-ата жерасты мешіті

Оның айтуынша, Сингапур және Ұлыбританияның жүргізілген ынтымақтастық туралы келіссөз нәтижесінде логистика саласы мен нанотехнология бағытын қамтитын дәстүрлі емес энергия көздерін және дайындау саласында мақсатты бағдарламаларды жасау мен сапалы ауыз сумен қамту, баламалы энергия көздерін енгізу, инвестиция тарту жобалары жүзеге асады. Сондай-ақ Кипрдің халықаралық университетімен бірлескен ынтымақтастық туралы меморандум аясында жоғары оқу орындары арасында білім және ғылым бағдарламалары дамып, smart-технологиялар қолданысқа енгізілмек.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ