Бүгін облыстық ІІД ғимаратында өткен брифингте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Болат Лұқманов осылай деп мәлімдеді.

Мұндай аса ірі көлемдегі заңсыз тауар 10 шілдеде Маңғыстау ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, ҰҚКД мен Ақтау қалалық табиғат қорғау полициясының қызметкерлері бірлесе жүргізген  шұғыл-іздестіру шаралары кезінде анықталған. Балық «Орбита» спорт кешенінің маңында орналасқан өндірістік базаның аймағындажалға берілетін контейнер-мұздатқыштарда сақталған.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339 бабына сәйкес, «өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1982 жылы туылған, Ақтау қаласында уақытша тұрып жатқан Әзірбайжан азаматы ұсталды.  Қазір жедел тергеу шаралары жүргізілуде.

Камшат ӘБДІРАЙЫМ