Естеріңізде болса, маусым айының соңында сайтымызда «Жұмбақ мекен» байқауын ұйымдастырған едік.

Шарт бойынша, Маңғыстау өңірінен (қала, аудан, ауыл көріністері, табиғат бейнелері т.б.) өзі түсірген 3 фотосуретті қатысушы бізге жолдауы керек болатын.

https://mangystaumedia.kz/7292info-satynda-jumbak-meken-baikauy-bastaldy/

Үздік деген 6 үміткердің фототуындылары сайтта жарық көрді. Олар: Абылай Күштібай, Айнұр Қобланова, Мақсат Ақмұрат, Аллаберген Қонарбаев, Батыр Жайлау, Самат Нұрекешов. Суреттерді он күн бойы оқырмандар тамашалап, өз пікірлерін білдірді. Нәтижесінде ең көп қаралым мен пікір жинаған Мақсат Ақмұратов жеңімпаз атанды.

«Жұмбақ мекен» байқауының жеңімпазы марапатталды

Бүгін редакциямызда жеңімпазды марапаттау рәсімі өтті. «Маңғыстау Медиа» ЖШС директоры Сағындық Рзахметов оған арнайы диплом мен сыйлық (1 тиробайттық хард-диск) табыстады.

— Осындай фото-байқау ұйымдастырғандарыңызға көп рақмет. Байқаудың өтіп жатқаны жайлы кездейсоқ фейсбук желісінен көріп қалдым. Редакцияға хабарласқанымда, «үлгересіз, суреттеріңізді жіберіңіз» деді. Сол тұста Қаратау, сарқырама жақтарды аралап келген едім. Сондағы суреттерімді жолдадым. Нәтижесі бүгінгідей болған екен. Көп-көп рақмет. Сайттарыңызға табыс тілеймін. Тек аймағымызға ғана емес, барлық Қазақстанға да танымал болсын, — деп өз лебізін білдірді байқау жеңімпазы.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы