Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Форт-Шевченко қаласының 170 жылдық мерекесіне орай  «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің және «Жас Отан» жастар қанатының Түпқараған аудандық филиалы  жас босанған аналарды  аудандық перзентханаға барып, арнайы құттықтады.

— «Жас Отан» жастар қанатының Түпқараған аудандық бөлімшесінің басшысы Айдана Мұратова бастаған көшбасшы жастармен бірлесіп, жас аналарды мереке қарсаңында құттықтауды жөн санадық.  Сонымен қатар,  «Жастар денсаулық орталығының» псиxологі Гүлжан Ізтілеуова жас босанған аналарға псиxологиялық кеңестер беріп, әдістемелік  кітапшалар таратты. Біз ана мен балаға  арналған  қобдиша мен балалар жөргегін сыйға ұсындық, -дейді «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбек Мағдатов.

Милана ЕЛЕУСІНОВА