Шілденің 10-11 күндері Атырау қаласында кіші жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтті. Оған 2007-2009 және 2010-2012 жылы туған спортшылар қатысты. Маңғыстау облысы атынан бақ сынаған спортшылар 3 алтын, 3 күміс және 13 қола медальді қанжығасына байлады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Жарысқа республикадан 300-ге жуық қатысушы келді. Соның ішінде 30-ға жуық спортшы «Жас батыр» спорт мектебінен және Боранқұл ауылындағы мектеп филиалынан барған.

Маңғыстаулық жас дзюдошылар Атыраудан олжалы оралды (ФОТО)

Турнирде 2007-2009 жылы туған дзюдошылар арасынан Рамазан Сүгірбай мен Айберген Қыдырғалиұлы 1-орын алды. Ал Боранқұл ауылынан барған Дінмұхаммед Орынбасаров 2010-2012 жылы туған спортшылар арасында көш бастады.

Маңғыстаулық жас дзюдошылар Атыраудан олжалы оралды (ФОТО)

«Турнир жоғары деңгейде өтті. Жас дзюдошылар үшін мұның өзі жаңа бастама болатыны сөзсіз. Осы жарыс барысында жас батырларымыз тәжірибе жинақтады. Алдағы уақытта біздің оқушылар Әлем Чемпионаты, Олимпиада шыңын бағындырады деген үміттемін. Әрине сол жолға жету үшін талмай еңбек етеміз. Бізді қолдаған ата-аналарға алғысымыз шексіз», — дейді «Жас батыр» спорт мектебінің бапкері Нұрлыбай Серғазиев.

Маңғыстаулық жас дзюдошылар Атыраудан олжалы оралды (ФОТО)

Сонымен қатар Ерлан Серіков, Аманбек Құлқаев және Боранқұл ауылының бапкері Алтай Байменов спортшыларды турнирге дайындаған.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттерді Н.Серғазиев ұсынды