Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиевтің Рио олимпиадасындағы жекпе-жегі көрермендердің есінде мәңгі сақталады. Қазақ боксшысы өзіне қарата жасалған соққылардан аңызға айналған Мұхаммед Әлидің мәнерінде жалтарып, шеберлігін көрсетті.

56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің бірінші айналымында Ералиев 2013 жылғы әлем чемпионы әзірбайжандық Джавид Челебиевпен кездескен еді. Қазақстандық боксшы 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына шыққан еді. 

Алайда көрермендерге осы жекпе-жектің соңы қатты ұнап қалған. Қорытынды раундта Челебиев қазақстандықты бұрышқа тақап, соққы жасай бастаған, Ералиев осы сәтте қарсыласына бірде-бір соққы жасатпай, шебер жалтарғанына көрермендер таңғалып, шулай жөнелген. 

tengrinews.kz

 

[quote][/quote]