Ниязымбетов

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтің Рио Олимпиадасының ширек финалындағы қарсыласы анықталды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ниязымбетов 15 тамызда Әзірбайжанның намысын қорғайтын Теймур Мамедовпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 4.45-те басталады және оны «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.  

1/8 финалда Ниязымбетов белорус Михаил Долголевецті айқын басымдықпен жеңген.

tengrinews.kz