Маңғыстауда азық-түлік қоймасы салына ма? 

93
sklad қойма склад

Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы арнайы экономикалық аймақта «Aspan Storage» ЖШС-ның сыйымдылығы 3 мың тонна болатын көкөніс қоймасының құрылысы жүріп жатыр. Бұл құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады. Сонымен қатар «Маңғыстау көкөніс терминалы» ЖШС «Рекон-Ақтау» базасында салынатын сыйымдылығы 4250 тонналық қойма келесі жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асады. Сонымен бірге «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Отау Үштөбе» ЖШС, «Каспий Агро Логистик» ЖШС біріккен кәсіпорындарының инвестиция салуымен Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық селосында салынатын сыйымдылығы 5000 тонналық көтерме тарату орталығы келесі жылы іске қосылмақ.

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының

басшысы Венера МҰСТАПАЕВА