Әлемнің бұрынғы чемпионы Шейн Мозли қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегі 17 қыркүйекте болады деп жар салды.

Аңызға айналған боксшы бұл мәліметті қайдан алғанын нақтыламайды, бірақ оның шындық екеніне сенетінін айтады. «Канело» мен GGG — 17 қыркүйекте! Қыркүйекте олармен қарсыласатын басқа жекпе-жектер болмайды деп үміттенемін. Жыл жекпе-жегі осында. Керемет жұмыс, Golden Boy Promotions», — деп жазды Мозли твиттердегі парақшасында

https://twitter.com/ShaneMosley_

Посмотреть изображение в Твиттере

«Канело» мен GGG келісіп қойды, сіздер білмедіңіздер ме? Келіссөздер аяқталды. Сіздер бұл мәліметті бірінші болып осында біліп отырсыздар. Менің жекпе-жегім 28 мамырда. «Канело» мен GGG жекпе-жегі — 17 қыркүйекте», — деді Мозли.

Еске салайық, Сауль Альварес ұлыбританиялық Әмір Ханды нокаутқа түсіргенненкейін Головкинді шаршы алаңға шақырған болатын. Қазақстандық келісім беріп, жауап қатты. Кейін «Канело» салмаққа қарамастан, GGG-мен 160 фунтта жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Tengrinews.kz