Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығы аясында 14-шағынаудандағы теңіз жағалауында акция өтті. Шараны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті ұйымдастырса, оған қаладағы №1 орта мектеп оқушылары белсене қатысты. Жолдағы апаттарды азайтуға арналған шарада мектеп оқушылары білікті мамандардан тегін кеңес алып, флешмоб билеп, аспанға шар ұшырды.

Балалар қауіпсіздігі-басты назарда    -Бұл шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ішкі істер министрлігінің қолға алуымен жүзеге асуда. Басты мақсат-жолдардағы апаттарды төмендету, жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға шақыру. Бұл шара еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда. Мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында тақырыптық ашық сабақтар, жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған шығармалар мен суреттердің байқаулары ұйымдастырылуда. Одан бөлек 1 мамыр мен 1 маусым аралығында балалар арасында жолдағы жарақаттарды азайту бағытында акция да өткізілуде. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелер орналасқан маңайда жол қозғалысын ұйымдастыруға айрықша назар аударылады. Өйткені, балалар қауіпсіздігі-басты назарда,-дейді «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Жұматаев.

Балалар қауіпсіздігі-басты назарда  Шара одан әрі мектептерде жалғасты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» бағдарламасы шеңберінде таңдап алынған Ақтаудағы №20 және Мұнайлы аудандық №12 білім ордаларында оқушылармен кездесу өтіп, балаларға жол қауіпсіздігін сақтауда қажет шағылыстырғыш ленталар табыс етілді.

Венера МИРЛАН

Балалар қауіпсіздігі-басты назарда